Биржа. Еңбек биржасы. Биржа деген не


Биржаның түрлері

Әрбір биржаның жұмыс істеу ерекшеліктерін, құрылымын, басқару органдарының құрамын білу үшін оның жіктелу нышандарын білу қажет.

Әлемде биржалар бірсыпыра белгілерге байланысты жіктеледі:

Біріншіден, биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:

Қазақстанда 1995 жылы қабылданған «Тауар биржасы туралы» заңда тауар биржасы көтерме сауда орны деп айтылған. Ол кезде елімізде акционерлік қоғамдардың құрылып, олардың акциясын ұзақ мерзімді инвестициялауға және мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға жұмсау бағалы қағаздар нарығын қалыптастыруға себепші болды. Бағалы қағаздар нарығының дамуын, бағалы қағаздардың айналысын, тауарлар қозғалысын реттеу және қадағалау мақсатында арнайы орган – Қазақстан қор биржасы құрылды. Айта кететін жәйт, Қазақстан қор биржасына тек бағалы қағаздар ғана саудаға түседі. Ал Ресейде, басқа елдерден ерекшелігі, бағалы қағаздармен сауданы тауар биржасы да, валюта биржасы да жүргізеді [8;27.].

Екіншіден, биржаны ұйымдастыру негізіне, яғни биржаны құрудағы мемлекеттің роліне қарай әлемде биржа үш түрге бөлінеді:

а) ашық-құқықтық, яғни мемлекеттік биржа. Ондай биржалар биржа туралы заң негізінде құрылып, мемлекет бақылауында болады. Ол биржалардың мүшелігіне белгілі бір мөлшерде айналымы бар және сауда тізіміне енгізілген сол аймақтағы кез-келген кәсіпкер кіре алады. Биржаға мүше емес жақтар да кезекті кіру билетін сатып алып бір рет мәмілеге қатыса алады. Мұндай биржалар Францияда, Белгияда, Голландияда кеңінен тараған.

ә) жеке-құқықтық, яғни жеке биржалар Англияға, АҚШ-қа тән. Бұл биржаларға мүше болып тек биржалық корпорацияларға енген жақтар ғана кіре алады. Ол биржалардың мүшелері аз, шектеулі ғана болады. Биржаның бұл түрі, әдетте, мүшелік жарна төлейтін қоғам. Оның жарғылық қоры жарнаның (сертификаттың) мөлшеріне қарай бөлінеді. Биржаның әрбір мүшесі ең құрығанда бір жарнаның (сертификаттың) иесі болуы керек, ол иесіне биржаға кіріп, мәміле жасау құқығын береді.

б) аралас биржалар – олар континентальды Еуропаға тән. Олар қор биржасында кең өріс алған. Мыс., Веналық қор биржасы. Егер биржа акционерлік қоғам формасында құрылса, онда мемлекеттің қарауында акцияларының біразы болады. Ол жағдай атқарушы үкімет өкілдерінің биржаның басқару органдарына енуіне және оның ісін бақылауға құқық береді.

Үшіншіден, биржаның құқықтық жағдайы, яғни биржаның статусы бойынша биржалар негізінен акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркеледі. Мыс., Ресейдің шет аймақтарында биржалар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер түрінде құрылған (мыс., Воркута тауар биржасы, Алтай тауар биржасы, Кузбасстың тауар-шикізат биржасы және т.с.с.). Ондай жағдай іскерлік және экономикалық мәдениеттің төмен деңгейімен, оған қоса олардың құрылуын және қызмет етуін қатаң қадағалайтын құқықтық негіздің жоқтығымен түсіндіріледі. Биржа құрылтайшылары қажетті құжаттарды дайындағанда еркіндікті пайдаланып, өздерінің мүддесін қорғайтын басқару және пайданы бөлу механизмін көздейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер формасындағы биржаның жергілікті үкімет орындарында тіркелуі де құрылтайшыларды қызықтырады. Ал кейбір биржалар, мыс., Ресейдегі «Алиса» биржасы жеке кәсіпорын ретінде тіркелген.

Төртіншіден, биржалық саудаға қатысушылар тұрғысынан ашық және жабық биржалар болып құрылуы мүмкін. Жабық биржа саудасына делдалдар ретінде биржа мүшелері ғана қатысады. Сатып алушылар мен сатушыларға биржа залы жабық болады. Шетелдердегі қазіргі биржалар негізінен жабық биржа түрінде ұйымдасқан, себебі биржалық сауда жоғары қауіпті және де олар жоғары мамандықты талап етеді.

Ал ашық биржа саудасына биржа мүшелерінен және делдалдардан басқа қатысқысы келгендер де кіруіне болады. Ашық биржа екі типке бөлінеді:

а) таза ашық биржа, оған делдалдың қызметінсіз екі жақ қатысады. Онда сатып алушы және сатушы, яғни өндіруші мен тұтынушы тікелей байланысқа шығады;

ә) аралас типті ашық биржа, онда тікелей сатушы және сатып алушылармен мәмілені делдалдардың екі тобы жасайды:

  • клиент атынан және оның есебінен брокерлер;

  • өз атынан және өз есебінен операция жүргізетін дилерлер;

Биржаның ашықтық дәрежесі оның сауда стратегиясына тікелей байланысты. Биржа өз ашықтығын жарнама мақсатында немесе сауданы қыздырып жіберу үшін қолданады. Сондай-ақ биржаның ашықтығын биржа механизмінің дамымағандығымен де түсіндіруге болады. Сондықтан саудаға биржа маманы еместер де қатысады.

Биржалық сауданы мейлінше жетілдіру жабық тұрғыда қызмет етуге, мамандануының өсуіне, саудаға қатысушылардың өзара сенімі негізінде іскерлік байланыстың қалыптасуына келтіреді. Одан басқа, жабық биржа сауданы ұтымды ұйымдастыру және екі жақтың мүддесін қанағаттандыру үшін құрылған делдалдар ұйымы ретінде өз концепциясына сай келеді. Сондықтан сауда-саттықтың мүддесін қорғаушы ретінде жабық биржалардың артықшылығы мол.

Бесіншіден, тауардың құрамы, яғни номенклатурасы бойынша биржалар әмбебап және маманданған болып та жіктеледі. Биржаларды мұндай жіктеу тауар биржаларына тән.

Әмбебап биржаларда әртүрлі тауардың мол тобы саудаға түседі, ал маманданған биржалар не бір тауар түрін сатуға, не болмаса әртүрлі тауарлар тобын сатуға маманданады.

Маманданудың мәні мынада  биржаға немесе оның маманданған бөліміне тауарлар тобын өндірушілер мен тұтынушылар шақырылады. Нәтижесінде биржада жоғары деңгейдегі тиісті тауарлар шоғырланып, биржалық тауар айналымы ұлғаяды.

Әлемдік тәжірибе маманданған биржалардың бірсыпыра артықшылықтары бар екенін дәлелдеуде. Оларда:

а) сауда шығындары азаяды;

ә) монополиялық өндірушілердің өктемдігі шектеледі;

б) сатушы мен сатып алушыға (өндіруші мен тұтынушыға) өзара тиімді баға кесіледі;

в) биржалық үлгіні (стандартты) меңгеруі жоғары дәрежеде болады.

Алтыншыдан, әлемдік саудадағы биржаның орны және роліне байланысты халықаралық және ұлттық биржалар деп те бөлінеді.

Халықаралық биржа  сатып алу-сату мәмілелерімен тұрақты сауда жүргізумен бірсыпыра мемлекеттерді қамтитын көтерме нарықтың ерекше түрі. Халықаралық биржалар әлемдік нақты тауар және қор нарықтарына қызмет етеді. Мұндай биржалардың жұмысына әр түрлі мемлекеттердің іскер адамдары қатыса алады. Халықаралық биржалар орналасқан мемлекеттер биржалардың қызметін қамтамасыз ететін валюта, сауда және салық режимдерін орындауы тиіс. Халықаралық биржалар өз кезегінде тауар, қор және валюта биржалары болып та бөлінеді.

Халықаралық тауар биржалары негізінен әлемнің үш елінде  Англияда, АҚШ-та және Жапонияда орналасқан. XX ғасырдың 90-шы жылдарында бүкіл халықаралық биржалық айналымның 98% осы елдердің үлесіне тиесілі болды. Оларға: Англияда – Лондон Фокс биржасы (Фьючерс энд Опшнс эксчейндж), Лондон металл биржасы және басқалар; АҚШ-та – Нью-Йоркте және Чикагода орналасқан биржалар; Жапонияда – әлемдік нарықта айналыста болатын тауарлар мәмілелерімен қызмет істейтін биржалар жатады.

Халықаралық қор биржаларына Нью-Йорк, Лондон, Токио қор биржаларын жатқызады.

Ұлттық биржалар бір мемлекеттің аймағында қызмет етеді. Олар осы елдегі тауар өндіру, оларды айналысқа түсіру және тұтыну ерекшеліктерін ескереді. Бұл мемлекеттердің валюта, сауда және салық режимдері арбитраждық мәміле жүргізуге және биржа орналасқан мемлекеттің резидент емес фирмалары мен тұлғаларына биржалық саудаға қатысуына кедергі жасайды.

Жетіншіден, қызмет аясы бойынша биржалар: орталық, аймақаралық және аймақтық болып та жіктеледі. Мыс., Ресейде тауар және қор нарықтары аймақтық және экономикалық ерекшеліктерді ескермейді.

Сегізіншіден, жасалған биржалық мәмілелердің сипатына қарай әлемдік тәжірибеде биржалардың түрлері төмендегідей болады:

а) нақты тауар биржасы;

ә) фьючерстік;

б) опциондық;

в) аралас.

Нақты тауар биржасы биржалық сауданың алғашқы кезеңіне тән болды. Оның айырықша белгілері  сауданың жиі-жиі қайталанып тұруы, оның белгілі бір жерде өтуі, бекітілген ережеге бағынуы және біркелкі, сапа жағынан бір-бірімен салыстырылатын көпшілік сауда деп есептелінуі. Атап кететін жәйт, нақты тауар биржасының ең айырықша белгісі  сауда жасалғаннан соң, міндетті түрде, тауарды сатып алушыға жеткізіп беру және оны сатып алушының қабылдап алуы, яғни тауар иесін нақты өзгерту және сатылған тауарды сатушыдан сатып алушыға ауыстыру.

Қазіргі кезде шетелдерде нақты тауар биржалары тек кейбір елдерде ғана сақталған және олардың айналымы болар-болмас. Экономикасы дамыған елдерде нақты тауар биржалары қалмады деп есептелгенімен, алайда барлық Батыс Еуропа мемлекеттерінде қазіргі кезге дейін тауар биржалары бар. Олар сауда жасаушыларды, делдалдарды, сондай-ақ, транспорт мекемелерін және өнімді өңдеуші фирмаларды біріктіріп, негізінен типтік шарттар дайындаумен және нақты тауар нарықтары туралы ақпарат жинақтаумен шұғылданады.

Биржалық сауданың дамуы жаңа типтегі биржалардың, яғни фьючерстік биржалардың пайда болуына әкеп соқтырды.

Фьючерстік сауданың негізгі белгілері мыналар:

  • мәміленің жалған сипатта болуы, яғни олар саудаға қызмет көрсететін өзгеше қаржы институттары. Бұндай биржалар ақша қоры шоғырланған жерлерде, яғни қаржы орталықтарында ашылады. Жеткілікті бос ақша массасынсыз және банктік несиесіз фьючерстік сауда болуы мүмкін емес. Биржаның тауар нарығынан тауарға құқық нарығына, сондай-ақ нақты тауар нарығынан жалған капитал нарығына айналуы – ол қаржы капиталының ұлғаюы процесінің ажырамас бөлігі;

  • фьючерстік биржа өзгеше қаржы институты ретінде қор, валюта және тауар нарықтарының қажетін қамтамасыз ететін осы активтердің баға нарығы қызметін атқарып, хеджирлеу арқылы нақты тауарлармен жасалған мәміле бағасына және фирмалардың бәсекелестік қабілетіне әсер етеді.

Осы айтылғандарды қорытындылай келіп, биржа түрлерін 8.4. суретпен өрнектеуге болады.

Жіктелу белгілері

Биржаның түрлері

Биржаның басқа түрі

1. Биржалық тауар түрлері

Қор

Тауар

Валюта

Тауарлы-шикізатты

Тауарлы-қор

2. Биржаны құрудағы мемлекеттің ролі

Ашық-құқықтық (мемлекеттік)

Жеке-құқықтық (жеке)

Аралас

3. Биржаның құқықтық негізі бойынша

АҚ

ЖШС

Жеке кәсіпорын

4. Биржалық саудаға қатысушылар

Жабық

Ашық

таза ашық

ашық аралас типті

5. Биржа саудасының объектісі болған тауарлардың құрамы

Әмбебап

Маманданған

Тар түрде маманданған,

кең маманданған

6. Халықаралық саудадағы орны және ролі

Халықаралық

Ұлттық

7. Қызмет ету аясы бойынша

Орталық (астаналық) Аймақаралық

Аймақтық (жергілікті)

8. Биржалық мәміленің сипатына қарай

Нақты тауарлар биржасы

Фьючерстік

Опциондық

Аралас

studfiles.net

Биржа

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Чикаго тауар биржасы

Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Мазмұны

  • 1 Биржа түрлері
  • 2 Биржа Айналымы
  • 3 Биржа Бағасы
  • 4 Биржа Дағдарысы
  • 5 Биржа Делдалдары
  • 6 Биржалық Алым
  • 7 Биржалық үрей
  • 8 Биржалық баж
  • 9 Биржа дүрлікпесі
  • 10 Биржалық мәмілелер
  • 11 Дереккөздер

Биржа түрлері

Тауар Биржасы

Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

Қор Биржасы

Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

Валюта Биржасы

Валюта Биржа — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

Еңбек Биржасы

Еңбек Биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек Биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

  1. саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық Биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;
  2. өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі Биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.
Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым Биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда Биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор Биржалары шапшаң дамыды.

Биржа Айналымы

Биржа Айналымы — белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері Биржа Айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық Биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.

Биржа Бағасы

Биржа Бағасы — биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл — биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.

Биржа Дағдарысы

Биржа Дағдарысы — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.

Биржа Делдалдары

Биржа Делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т.б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы Биржа делдалдары, негізінен, делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын Биржа Делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.

Биржалық Алым

Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.

Биржалық үрей

Құнды қағаздар бағамының (ең алдымен ақциялардың) күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей кеулеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономиқалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.

Биржалық баж

Биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.

Биржа дүрлікпесі

Өз болмысы бойынша объективті экономиқалық негізі жоқ, құнды қағаздар бағамы мен қор биржасындағы жалпы айналымды жасанды түрде қолдан көтеру. Биржа дүрлікпесі құнды қағаздарға дүрліге сұраныс жасаумен сипатталып, алыпсатарлық, операциялардың мөлшері бірден ұлғаяды, жалған капиталды жасанды жолмен «ұлғайту» орын алады. Егер биржалық операциялардың қатысушылары экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін недәуір асыра бағалайтын болса, биржа дүрлікпесінің заңды нәтижесі міндетті түрде биржалық үрей мен күйреуге апарып соқтырады. Бұл өз кезегінде қор құндылықтарының рыногын қайтадан белгілеуге әкеліп соғады.

Биржалық мәмілелер

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер.

Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.

Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, IIтом
Бұл заң саласына арналған жаңа мақалаға бастама. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

Italic text

Биржа Туралы Ақпарат

БиржаБиржаБиржа

Биржа Туралы Видео

Биржа Сіз қарап жатырсыз.

Биржа дегеніміз не, Биржа кім, Биржа сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

www.turkaramamotoru.com

Қор биржалары қазақша реферат

Қор биржалары. Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.Қор биржасы — бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаз-дарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражат-тарды жұмылдыру және шоғырландыру;— өндірісті және ел үкіметінің шығыстарыннесиелеу және қаржыландыру;• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғыр-ландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін ба-ғаларды белгілеу және жалған капиталды қалып-тастыру.Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономи-каның басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді:— қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызшажасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатын-дыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жекесенімнің болуы;• сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы дел-далдарының қызметінің кор биржасыныңәкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүм-кіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: бола-шақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды калай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мер-зімді мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат — вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-сатгық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.Биржалардың бастапқы кезендегі қалыптасуы мемлекеттіқ қарыздың өсуімен байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы акционерлік қоғамдардың (Нидерлаңды және ағылшын ост-үнді компаниялары) пайда болуьша байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өңеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктер-дің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қос-қандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда-саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар орнықты. Сондықтан да капитализмңің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмағаң «жабайы» нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті ретгеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, ңәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚЩ-та кеңінен дамы-ды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шот-тарда сақтауды, сақтандыру полңсі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіп-керлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестиция-лады. Сондықтан да АҚЩ-тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалып-тасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағазадар нарығының біріне жатады.Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор биржалары.Жеке құқықтық сипаттағы кор биржасына классикалық мысал ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай / қағидамен жұмыс жасап отырған Нью-Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компа-ния түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай тип-тегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью-Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған мыңдарадан жүздеген мын долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан кор биржалары ұйымдас-тырылу кұрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады.Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы ко-миссиялармен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Мысалға, Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа опера-циялары жөніндегі комиссияның бірлескен түрдегі қадаға-лауында болса, ал Германияның биржаларын жергілікті үкі-мет органдары бақылауға алса, Италия биржаларын Қаржы минстрлігі мен компаниялар және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия реттейді. Биржалық жұмыскерлер мен қор операциялары бойынша мамандарды, сол органдар тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі болады.Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуро-палық континенттік қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу ағымы байқалуда. Бір жағы-нан, биржаның өзі іштей өзін-өзі реттеу негізінде қызмет етсе, екінші жағынан ақша-несие және қаржымеханизмінің казіргі құрылымына оңай көнетіндей ету мақсатында бағалы кағаздар нарығына мемлекеттік бақылау және реттеу арта түсуде.Әрбір елде бір ғана емес, қор биржаларының толық жүйесі бар. Ұлттық биржалық жүйеде жекелеген биржа-лардың роліне байланысты моно жүйелік және поли-центристік қор биржалары бар елдерді топтастыруға болады.Бірінші типтегі жүйеде елдің қаржы орталығында ор-наласқан бір ғана биржа қызмет етіп, қалғандарының аймақтық маңызы болады (АҚШ, Италия, Франция, Жапония). Мысалға, Милан және Париж қор биржаларында бағалы қағаздар ұлттық айналымының 95%-ға жуығы шоғырланса, ал Нью-Иорк және Токио биржаларында бұл көрсеткіш 84% және 80% құрайды. Қазақстандағы ұйымдастырылған қор биржасының дамуы осы биржалық жүйе төңірегінде жүргізілуде.Полицентрлік қор биржасының жүйелері Германияда, Австрияда, Канадада, Швецияда қызмет етуде. Аймақтық қор биржалар қызметі жергілікті компаниялардың бағалы қағаздарына қызмет көрсетуге бағытталғандықтан да белгілі бір аудан төңірегінен шықпайды. Бірақ та бұл жерде провинциалдық биржалардың бірігу ағымының орын алуын айта кеткен жөн. Полицентрлік бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру құрылымына біршама аймақтық құрылым-дары бар Ресей биржалық жүйесі бет түзеп келеді.Биржаны өзін-өзі реттеудің әрекет етіп отырған әдісіне — листинг жатады. Биржа ісіндегі листинг — бұл биржалық тізімге бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын қосуды білдіреді. Биржаны ұйымдастыру шартына байланысты бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне біршама ірі және рентабельді акционерлік қоғамдар ғана түсуге тиіс. Биржа листингіне енгізілу, эмитент-компанияның тұрақтылығы туралы куәландырылады, себебі биржа ондағы айналатын тауарлардың жоғары санын растайды. Листингтің құрамдас бөліктерін атап өтейік. Эмитент-компаниялардың бағалы қағаздары, оларды толық талдаудан кейін, биржада бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне қосылады. Талдау эмитенттің берген мәліметтері негізінде жасалады. Ондай мәліметтерге:эмиссиялау проспектісі, компания акивтерінің жағдайы туралы ақпарат, компанияның бухгалтерлік есебі, тәуелсіз аудиторлармен куәландырылған пайда және зиян туралы есебі жатады. Барлық ақпараттар кешенінің аналитикалық өндеуі мыналарды қамтиды: жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси болжаулар, жаңа заңдарды және нормативтік актілерді, олардың компанияның қаржылық жағдайына тигізер ықпалын оқып-білу. Биржалық мәмілелер нәтижесінде қалыптасатын, бағам (баға) негізінде биржа бағалы қағаздарды бағалайды.Ең ақырында, инвесторлар осындай зерттеу негізінде дайындалған ұсыныстарды қолдарына алады. Сөйтіп, листинг — биржаның қасиетті міндеттемесі ретінде, оның басты міндеті потенциалды инвесторлардың қаражат жұмсауына дұрыс бағыт беру және олардың мүдделерін қорғау болып саналады. Экономикалық жағдай, акционерлік қоғамдардың рейтингі және ең бастысы биржалық баға белгілеу парағы (биржалық бюллетень, ағымдағы бағамдары көрсетілген бағаланған бағалы қағаздар тізімі) инвесторлардың шешім қабылдауына негіз болып, қызмет етеді. Баға белгілеу парағы -елдегі, аймақтағы, әлемдік шаруашылықтағы қор нарығындағы ауа райының өзгерісін көрсететін өзіндік барометрді білдіреді.Бағалы қағаздары бағалауға жіберілген акционерлік қоғамдардың экономикалық жағдайын биржа қатаң бақылап, қажет кезде (олардың экономикалық жағдайы нашарлап немесе борыштық тұрақсыздыққа ұшыраса) делистинг процедурасын қолдануы, яғни тізімнен алып тастауы мүмкін.Листинг процедурасы ТМД елдерінің қор биржаларының іс-тәжірибелеріне біртіндеп енгізілуде. Қазір ең бастысы, кәсіпорындарды жаппай акционерлеу алдында бағалы қағаздар нарығындағы қаржы дағдарысының тәуекелін төмендетіп, қаражат жұмсаудын сенімділгін кепілдендіру арқылы инвесторлардың сенімдеріне кіру қажет болып отыр.Сондықтан, листинг ережесін енгізу, оны сақтау және бағаланатын бағалы қағаздар санын көбейтуге тырыспау -бұл бағалы қағаздар нарығы енді ғана қалыптаскан тұста ең өзекті мәселеге айналуда.Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайы-мен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы — бұл жалпы нарықтар сияқты экономика-ның жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артық-шылыктары жарамсыз болып қалады.Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестиция-лық процестегі ролі арта түсуде. Бүл ең бастысы күрделі калитал жұмсалымын каржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақүры-лымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.Осындай және басқа да факторлар кор нарығын инвес-тициялауға арналған каражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болаша-ғы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адам-дарды окыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэко-номикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың үзақ мерзімді саясаты болуы керек.Мұндай әрекет ету бағадарламасының мемлекеттік дең-гейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне сондықтан да, жанадан құрылыған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасу-шыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардын және т.б. үзақ мерзімді мүдделерін камтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор.

Тағы рефераттар

referattar.kazaksha.info

Қор биржасы деген не | АҚИҚАТ

Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.

Бағаның ауытқуы

Қор биржаларында құнды қағаз құны үнемі өзгеріп отырады, дегенмен күрт өзгеріс өте сирек болады. Ол көбіне құнды қағаз ұстаушылардың көңіл күйіне байланысты орын алады. Әрине, оған ең алдымен сыртқы жағдай әсер етпек. Бұл үшін биржаны кінәлаудың еш негізі жоқ.Құнды қағаз нарығына қатысатындардың арасында «аюлар» мен «бұқалар» болады. Мұндай түсініктің берілуіне олардың саудада ұстанатын ұстанымы негіз болған. «Аюлар» бағаны төмендетуге күш салса, «бұқалар» керісінше бағаны көтеруге ынталы. «Аюлар» да, «бұқалар» да қор нарығындағы құнды қағаз бағасының ауытқуы негізінде пайда табуды ойлайтын ойыншылар.

Брокер-дилерлер.

Брокер дилер – брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру бойынша мемлекеттен арнайы лицензия алып, жұмыс жасайтын заңды тұлға. Құнды қағаздарды сатып алу және сату – оның негізгі кәсібі, сондықтан олар басқа коммерциялық іспен айналыса алмайды.Брокер-дилерге биржада мәміле жасасуды тапсыру үшін клиент онымен кездесіп, брокерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады. Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт – стандартты үлгідегі құжат. Онда компания клиенті мен брокеплердің құзыреті, міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.

Тараптар келісім-шартқа қол қойғаннан кейін инвесторға компаниядан жеке есеп-шот ашылады, оған инвестор үшін сатып алынған құнды қағаздар түсіріледі. Брокерлік компания құжаттарды рәсімдеуді тегін жүргізеді.

Қор биржасына қатысқыңыз келсе…

Егер сіз қосымша ақша тауып, бақуатты болуды армандасаңыз ақшадан ақша жасау өнері – инвестициялауды меңгеруіңіз шарт. Ал инвестициялаудың ең қайтарымы мол көздерінің бірі – құнды қағаз саудасы.

Сіз қор нарығына қатысып, бағыңызды сынағыңыз келді делік. Бұл жағдайда кем дегенде үш шартты есіңізде мықтап ұстауыңыз қажет болады. Ең алдымен, қор нарығына күнделікті тірлікте пайдаланбайтын, яғни артық ақшаңызды салу қажет. Қарыз алып немесе күнкөріс үшін пайдаланатын ақшаны қор нарығына салуға болмайды.

Құнды қағаздармен жасалатын бастапқы операциялар үшін 1000-2000 доллар көлемінде қаржыңыз болса жеткілікті. Екінші шарт, тәуекелге баруға тастүйін дайын болуыңыз қажет. Өйткені қор нарығы үлкен тәуекелдің ісі. Бұл жағдайда жүйкесі жұқа адамдардың қор нарығына қатысуына кеңес берілмейді.

Үшінші шарт – соңғы ақпараттарды алып, бағаның қай жаққа ауытқуитынын болжамдап отыру. Ол үшін күнделікті 20-30 минут уақытыңызды қиып, қор нарығындағы жаңалықтарды үзбей қадағалап отыруыңыз қажет. Қор нарығының жағдайы туралы ақпарат неғұрлым толық болса, соғұрлым сіздің тәуекеліңіз де азая түспек.

Виртуальная фондовая биржа — видео: http://rutube.ru/video/fe022d819c40be32fe147e5e240cd546/?ref=logo

Жарияланды 24 Янв 2015 г. в 12:47 айдармен Ақша. Мақалаға арналған пікірді оқу RSS 2.0. Сіз өз пікіріңізді қалдыра аласыз или кері сілтеме сіздің сайтыңызға.

akikat01.com

Биржа

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

A.Чикаго тауар биржасы

Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар тауар биржасы, қор биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Биржа түрлері

Тауар биржасы

Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар биржаларына: Лондон халықаралық биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металдар биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

Қор биржасы

Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

Валюта биржасы

Валюта биржасы — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

www.wikiplanet.click

Биржа. Еңбек биржасы — реферат

 

      Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

 

Еңбек биржасы – жұмысшы күші нарығының  пайда болғанынан бері жетілген ұйымдастырушылық форма, ол жұмыс беруші мен жұмысшы  арасындағы делдалдық қызмет ететін мекеме. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Мүмкіншілігінше жұмыссыздықты жою. Дәлірек, ол ереже бойынша Еңбек министрлігіне бағынатын және реттелетін мекеме, барлық жұмыс күші мен оған деген қажеттілік туралы мәліметтеді жинақтайды. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

 

  1. саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық Биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;
  2. өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі Биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.

 

3. Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері  делдалдар және  дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым Биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда Биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор Биржалары шапшаң дамыды.

Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша  дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері

 

 

 

 

Еңбек биржасының қалыптасуының жаңа кезеңі 90 жылдардың басын құрайды, еліміздегі жұмыссыздықтың етек жайуымен байланысты. Қазіргі кездегі еңбек биржалары  халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік  саясатын жүзеге асыруға және азаматтарға  еңбектегі құқықтарының сақталуына кепілдік беру үшін құрылады.

Мемлекеттік еңбек биржасы мынандай қызметтерді  атқарды:

    • еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және ңбек нарығындағы жағдайын мағлұмат береді;
    • бос жұмыс орындары мен азаматтардың жұмысқа орналастыру жөніндегі сұрауларға есеп жүргізеді;
    • азаматтар мен жұмыс берушілерге мүмкіндігінше жұмысқа қабылдау жұмыс күшімен қамтамасызету туралы мағлұмат береді;
    • кәсіптік бағыт-бағдар береді, арнайы оқыту орталықтарында азаматтарды кәсіптік оқыту және қайта оқытуын ұйымдастырады;
    • жұмыссыздарды тіркеп және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы беруін қамтамасыз етеді.

Жұмыспен  қамту әрекеті – еңбек биржасына  қатынасқан жұмыс іздеушілер немесе кеңес алушылар және ңбек биржасының қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас  арқылы анықталады. Азаматтардың жұмыссыздыққа  байланысты жәрдемақы алу құқықтар, жұмыспен қамту орталығына қатынасқаннан  кейін оны жұмысқа орналастыру  сұрағының шешімі 11 күнге дейін қабылданады, сонымен қатар жәрдемақының төлену мерзімі 12 айдан аспауы керек.

Еңбек биржасы жәрдемақы төлеумен қатар  адамдарға қолайлы жұмыс тауып  беруіне міндетті. Қолайлы жұмыс  болып жұмысшының кәсіптік біліктілігіне, денсаулығының жағдайына, жұмыс  орнының орналасуына жұмыстың сәйкес келуі. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы  төлеу 3 ай мерзіміне дейін кейінге  қалдырылып немесе тоқтатылуы мүмкін, егер азамат қолайлы жұмыс ұсынысынан екі рет бас тартатын болса.

Мемлекеттік еңбек биржасы мемлекеттік  орган жүйесіне кіреді, халықты жұмыспен қамту сұрағын шешуді қамтамасыз етіп, жұмысшы күшіне деген сұраныс  пен ұсынысты реттеп, жұмыссыз азаматтарға  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және олардың кәсіптік біліктілігіне, жұмыссыздарға  әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастырады.

Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының  алғашқы бөлімі ретінде жоғарғы  органдардың және жергілікті аудандағы, қаладағы басқарма шешімдері арқылы аудандық, қалалық жұмыспен қамту  орталықтары құрылады. Жұмыспен қамту  орталығы заңды тұлға ретінде  өзіндік шығын сметасын, сонымен  қатар банктікс ұйымдарда шоттары  мен мөрі болады. Қазақстандық еңбек  нарығы қазір қалыптасу жағдайында. Онда жұмыспен қамту қоры құрылған, еңбек биржасы қызмет етеді, соған  сәйкес актілер қабылдау арқылы Үкімет белсенді саясат жүргізеді.

Еңбек биржасының негізгі мақсаты  – жұмыспен қамту мәселелерін  шешу, өзара байланысқан компьютерлік моделдік жүйені еңбек нарығына сәйкес зерттеу жүйесін жасау, басқару  шешімдерініңмүмкіншілігіндей моделдерді дайындау және тексеру, еңбек нарығын  болжау. Осындай жүйені қолданушылар сәйкес жұмысшылар болу қажет. Соған  байланысты мемлекеттік жұмыспен қамту  ағымдағы жағдайға көңіл бөлу және орта мерзімдегі жұмысшы күшін қолдануды  болжауға мән беруі керек. Осындай  міндеттерді шешу үшін сенімді құрал  ретінде компьютерлік моделдер қолданылады. Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыру  үшін еңбек нарығының қалыптасу  мәселелерін фундаментальды зерттеп, осы салада дамыған елдердің тәжірибесін үйрену және Қазақстандық нарық ерекшеліктерін талдау. Сонымен қатар екі өзара байланысқан мүдде: ақпараттық және техникалық ұйымдастырушылық, яғни жұмыспен қамту орталықтары техникамен жарақтануы және жұмысқа білікті мамандарды дайындауы қажет. Білім деңгейі, маманның біліктілігі, жұмыс орынның техникалық жарақтануы ерекше жұмыстарды жүзеге асырғанда маңызды болмауы да мүмкін. Сондықтан бағдарламада басқарудың кешенді қызметтерін қарастырып отырып, сәйкесінше мамандарды дайындау.

Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек биржасы іс-әрекетін нәтижелі арттыру бойынша жұмыстар жасалуда. 2009 жылдың басынан мемлекеттік еңбек биржасына 6245 адам өтініш білдірген, оның 2511-і жұмысқа орналастырылды. Еңбек биржасы мамандарымен жұмыс берушілерден бос орындар жайы туралы мәліметтер жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Алматы қаласы бойынша ай сайын «Жан» баспасымен бірігіп «Қалай жұмыс табуға болады?» мастер-класс өткізіледі, сондай-ақ басқа да ҰЕМ-мен жұмыс берушілердің әр сала бойынша өкілдерімен ҚР Еңбек Кодексін түсіндіру семинарлары өткізіледі. Қазақстан-Норвегиялық «СИСЛАБ» жобасы қатысушыларының үшінші тобы оқуын аяқтады.

Осы жылдың басынан жұмыс іздеуші  азаматтардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдесу үшін елді мекендерде мамандандырылған және көшпелі бос орындардың 7 жәрмеңкесі өткізілді. Жастар мен оқу орнының  бітірушілері үшін Азаматтық авиация  академиясы мен Қазақ экономикалық университетінің негізінде екі  мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесі, Еңбек биржасы негізінде жұмыссыздарға  арналған үш жәрмеңке, «Шаңырақ» ықшам  ауданында көшпелі екі жәрмеңке өткізілді. Барлық бос орындар жәрмеңкесі не 167 жұмыс беруші қатысып, шамамен 2,3 мың бос орын, 8 оқу орны ұсынылды. 3,5 мыңнан аса жұмыс іздеуші азамат өтініш білдірді. Жәрмеңке қорытындысы  бойынша 552 адамға жұмысқа жолдама  беріліп, 192 адам кәсіби оқыту курсына  жіберілді, 205 адам әлеуметтік жұмыс  орындарына, 32 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

2009 жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласында  алғаш рет телевизиялық бос  орындар жәрмеңкесі Алматы телеарнасында  өткізілді. Телевизиялық бос орындар  жәрмеңкесіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы, қалалық Еңбек биржасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы бөлімдері, 12 жұмыс беруші қатысты. Барлығы 1200 аса бос орын ұсынылды. Бос орындарды таңдау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жұмыс орны мен жастар тәжірибесіне жіберу туралы 24 телефонс қоңырауына жауап қайтарылған тікелей желідегі телефон жұмыс істеді.

2008 жылдың және 2009 жылдың 1 жарты  жылдағы бойынша Алматы қаласы  әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы  және Алматы қалалық өнеркәсіпшілер  және жұмыс берушілер Одағының  арасындағы үш жақтық келісімінің  орындалуы туралы жинақтық мәліметтер  жасалды. 2009 жылға арналған әлеуметтік  әріптестік және әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу бойынша  қалалық үш жақты комиссия  жұмысының жоспары жасалды және  бекітілді. 

Жұмыспен қамтылмаған халықтың жұмыс іздеу туралы ақпаратты  алуы үшін жұмыс іздеуші азаматтар  үшін интернетте сайт ашылды. Кез келген ниет білдіруші бос жұмыс орындарымен  танысып, өз түйіндемелерін орналастыра  алатын «Алматы қаласының еңбек  нарығы» газеті ай сайын шығарылды. Жыл басынан бері газеттің төрт номері шықты. Елбасының «Дағдарыстан дамуға» (Жол картасы) Қазақстан халқына  Жолдауын жүзеге асыру бойынша қабылданған  шаралар туралы халықты, жұмыс берушілерді  ақпараттандыру үшін БАҚ-та сұхбаттар, радио мен телеарнада бейнекөріністер  жарияланады және жұмыс берушілермен, халықпен кездесулер өткізіледі.

 

freepapers.ru

Case биржа деген не? - Cұрақ-Жауап сайты

Толық атауы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы Қысқартылған атауы "Қазақстан қор биржасы" АҚ Аббревиатурасы KASE Заңды тұлға түрі Коммерциялық ұйым Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы Акционерлік қоғам Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат. Тіркелген мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат. Пошталық мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы, а/ж 140 Эл. пошта [email protected], [email protected] Телефондары (+7 727) 237 53 00, 237 53 11 Факс (+7 727) 296 64 02 Ресми сайты www.kase.kz Телекс 612748 KICEX RU SWIFT BIC KICE KZ KX КҰЖК коды 30088469 БСН 931240000220 СТН 600200049149 Бастапқы мемлекеттік тіркеудің күні мен нөмірі 30 желтоқсан 1993 жыл, № 3980 Бастапқы мемлекеттік тіркеу органы Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігі Соңғы қайта тіркеудің күні мен нөмірі 07 қаңтар 2004 жыл, № 1952-1910-01-АО Соңғы қайта тіркеу органы Алматы қ. Әділет Басқармасы Қолданыстағы лицензиялары Бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге берілген 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензия. Лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді:

бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі;бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі.

2012 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін № 5.3.3 лицензиясы. Лицензия келесідей банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:

банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;ақша аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және ақша аудару бойынша өкімдерін орындау;заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.

Алдындағы танымал атаулары 1993 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 1994 жылдың 03 наурызына дейін – "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы1994 жылдың 03 наурызынан бастап 1995 жылдың 12 шілдесіне дейін – "Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы1995 жылдың 12 шілдесінен бастап 1996 жылдың 12 сәуіріне дейін – "Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы" акционерлік қоғамы1996 жылдың 12 сәуірінен бастап 1997 жылдың 06 наурызына дейін – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы1997 жылдың 06 наурызынан бастап 2004 жылдың 07 қапңтарына дейін – "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы2015 жылдың 01 қыркүйегінде төленген жарғылық капиталы 2 366 256 мың теңге2015 жылдың 01 шілдесіндегі меншікті капиталы 5 560 658,35 мың теңгеШығарылған акциялар саны 5 000 0002015 жылдың 01 қыркүйегінде орналастырылған акциялардың саны 942 013Шығарылған акциялардың түрі ЖайБасқару принциптері Акционерлер "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс беруге құқылыСаудаланатын қаржы құралдары Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарМемлекеттік бағалы қағаздарРепо нарығының құралдарыШетел валюталарыМерзімдік келісімшарттар2015 жылдың 01 қыркүйегінде санаттар бойынша биржа мүшелерінің саны "Қор" санаты (Биржада айналысқа (сауда-саттыққа) жіберілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 48"Валюталық" санат (шетел валюталарының сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 31"Деривативтер" (өндірістік қаржы құралдардың биржалық сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 162015 жылдың 01 қыркүйегінде биржа мүшелерінің жалпы саны 53Сауда-саттық өткізудің негізгі әдісі Ашық сауда-саттық әдісіЕсептеулердің қысқаша сипаттамасы (толығырақ ақпараттар сайттың "KASE ережелері" бөлімінде) Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылыМемлекеттік бағалы қағаздар: Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылы.Шетел валюталары: TOD, TOM, SPOT шартында теңгемен – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржаның корреспонденттік есеп-шоттары арқылы; шетел валюталарымен – шетел банк-корреспонденттері арқылы.

 

Тарихи анықтама

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және жиырма үш жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

Осылайша қазіргі Қазақстан қор биржасы ұйымдастырылған, ал 17 қараша – оның туған күні болып саналады.

1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.

Алғашқы екі жыл бойы жаңа құрылған биржа тек шетел валюталарының сауда-саттығын ұйымдастырумен айналысты. 1994 жылдың тамызынан бастап Биржалық кеңес Биржа Басқармасына бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметін дамыту мәселесі бойынша сұрақтарды пысықтауды тапсырды, ал биржаның әрі қарай қызметінің бағытталуын белгілеу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен биржаның атауы "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" (тіркелген жазуы – "ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-ҚОР БИРЖАСЫ"). Жаңа атаумен биржа 1995 жылдың 12 шілдесінде қайта тіркелді.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 03 қазанындағы № 1099 қаулысымен бекітілген, бағалы қағаздарды шығару және айналысқа жіберу және қор биржасы туралы Уақытша қағидасын қабылдауға байланысты, қор биржасының қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен лицензиялануға жататын болды (осыға дейін 1991 жылдың 11 маусымындағы "Қазақ ССР бағалы қағаздардың айналыста болуы және қор биржасы туралы" Қазақ ССР заңы бойынша қор биржасы тек Республика қаржы министрлігінде тіркеуден өтеуі тиіс болған). Сондай-ақ, қор биржасы ретінде қызметті жүзеге асыруға лицензия алу қажеттілігі туралы 1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар өкімінде де көрсетілген. Бұл ретте, лицензиардың функциясы Қаржы Министрлігінен алынып, жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына берілді.

1995 жылдың 02 қазанында биржа бағалы қағаздардың нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, бірақ осы лицензия тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру құқығымен шектелетін. Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығы 1995 жылдың 14 қарашасында өткізілді. Сол кезде түрлі себептерге байланысты мемлекеттің борыштық міндеттемелер нарығындағы биржалық сегменттің үлесі шағын болатын, мемлекеттік облигациялардың сауда-саттығы эпизодтық, тұрақсыз сипатта болғандықтан, бір жылдан соң – 1996 жылдың 20 қыркүйегінде биржа осы бағалы қағаздардың сауда-саттығын тоқтатуға мәжбүр болды. Мемлекеттің борыштық міндеттемелерінің биржалық нарығы тек 1998 жылы Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгеннен кейін ғана белсендіріле бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің аталмыш өкімінде қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа лицензиарының талабы бойынша биржаның атауы өзгертіліп, оның атауынан валюталық құраушысы алынды. 1996 жылдың 12 сәуірінде биржа "Қазақстан қор биржасы" деген атаумен қайта тіркелді, ал сол жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын дамыту бағытында жұмсалған күш-жігермен қатар, биржа мерзімдік нарықты дамыту бойынша жұмыстар өткізді. 1996 жылдың басында мерзімдік келісімшарттардың биржалық нарығын реттейтін нормативтік базасын құру жұмыстары жүзеге асырылды. Өкінішке орай, осы нарықты ашу бойынша алғашқы ұмтылыстар табысты болмады, сондықтан 1998 жылдың ақпан айында мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы тоқтатылды. Нарықтың осы секторын қайта жаңғырту тек 1999 жылдың наурыз айында ғана мүмкін болды.

1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. Сол жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал Қазақстан қор биржасы 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрыңғы атауымен қайта тіркеуден өтті де, сол жылдың 19 қыркүйегінде беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын өткізді.

1998 жыл мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығы қайта басталуымен көзге түсті, оған себеп – заңнама талаптарына сәйкес активтерді тек ұйымдастырылған қор нарығында ғана пайдалануға міндетті, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жаңа тобы ретінде зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялардың пайда болуы. Сол жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының көмегімен елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіз еурооблигацияларының ұйымдастырылған қайталама нарығы құрылды. Осы еурооблигациялардың биржадағы бірінші сауда-саттығы 1998 жылдың 19 қазанында өткізілді. Сол жылдың 15 шілдесінен бастап биржа баға белгілеу сауда-саттық жүйесін қолданысқа енгізді, соның көмегімен Қазақстанда биржадан тыс баға белгілеу ұйымын құру мәселесі де шешілді.

1999 жылдан бастап корпоративтік облигациялардың биржалық нарығының дамуы басталды, осы облигациялардың алғашқылары биржаның ресми тізіміне 1999 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілді. Сондай-ақ, 1999 жыл мемлекеттік бағалы қағаздарды репо операцияларының биржалық секторында алғашқы рет саудалануымен және муниципалдық облигациялардың орналастырылуымен ерекшеленді.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен қоса, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасы біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал сол жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

2007 жылдың 07 қаңтарынан батап Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы оратылығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттіктің (ҚҚА АӨҚО) 2006 жылдың 15 желтоқсанында өз күшіне енген № 74 бұйрығына сәйкес биржа АӨҚО арнайы сауда-саттық алаңының операторы ретінде белгіленіп, алғашқы сауда-саттық 2007 жылдың 27 ақпанында өткізілді.

2007 жылдың 21 шілдесіндегі "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңы 2007 жылдың 08 тамызынан бастап өз күшіне енген сәттен бастап биржа коммерциялық емес ұйым мәртебесінен айырылып, кез келген мүдделі тұлғалар оның акцияларын сатып алу құқығына ие болды (осының алдында биржаның акционерлер тұлғаларының шеңбері заңмен тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышсы болып табылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы, басқа да ұйымдармен шектелген).

Осы күннен бастап биржа акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру принципі өзгертілді ("бір акционер – бір дауыс"-тың орнына – "бір акция – бір дауыс") және бір акционерге, оның аффилиирленген тұлғараларымен қоса, тиесілі биржа акцияларының максималды санына шектеу енгізілді. Бұл шектеу ҚҚА АӨҚО басқа (мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚҚА АӨҚО тиесілі) биржаның кез келген акционері үшін биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 20 % құрайды (осы кезде аталмыш ұйым биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 13,75 % иеленген).

2007 жылдың 23 тамызында өткен биржа акционерлерінің жалпы жиналысы биржа тарихындағы алғашқы, 2007 жылдың 26 шілдесінде өткен Биржалық кеңеспен алдын ала мақұлданған, 2007–2010 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясын бекітті.

2011–2013 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясы Биржалық кеңеспен 2011 жылдың 24 ақпанында мақұлданды.

Осы күнде биржа әмбебап қаржы нарығы болып табылады, оны шартты түрде бес негізгі секторларға бөлуге болады: шетел валюталарының нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялардың нарығы, репо операцияларының нарығы, деривативтер нарығы.

surak.baribar.kz


Смотрите также

.